The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Ордабасы: үздіктер марапатталды

Түркістан облысының дін істері басқармасының ұйымдастыруымен облыстық «Үздік ақпараттық-түсіндіру тобы 2023» байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Аудан көлемінде діни экстремизм, терроризм, жат діни ағымдардың таралуының алдын алу, мемлекеттік саясатты ілгерілету, аудандағы діни тұрақтылықты қамтамасыз етуде атқарылған жұмыстардың үздіктері аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов, аудан бас имамы Айдос Керімбаев, ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Ержан Шарапов алғыс хатпен марапатталып, сый-сияпат табысталды.

Сонымен қатар, жылдың «Үздік дін тану пәнінің мұғалімі 2023» номинациясы Ордабасы ауданы, Төрткүл ауыл округі «Б.Төлепбаев» мектебінің дін тану пәнінің мұғалімі Ұ.Керімқұловқа бұйырды.

Ұқсас жаңалықтар

Арыс қаласына қарасты ауылда «сергек» камерасы іске қосылады

admin

ТҮРКІСТАН: кореялық инвесторлар ауыл шаруашылығы саласына озық технология ендірмек

admin

Бензин мен дизотынға жаңа баға: Шетелдіктер енді қанша төлейді

admin