Отбасындағы эмоционалды зорлық: Бақылау мен қызғаныш психологиясы

Зорлық-зомбылықты көпшілік ұрып-соғумен байланыстырады. Алайда оның физикалық қана емес, эмоционалды да түрі бар. Өкініштісі көп жағдайда эмоционалды зорлық-зомбылық көріп жүргендер оны қалыпты жағдай, тіпті қамқорлық деп қабылдауы мүмкін.

Сонда отбасындағы эмоционалды зорлық-зомбылық деген не? Неге көпшілік бақылауды қамқорлық, ал қызғанышты махаббат деп ойлайды? Бұл сұрақтардың жауабын BAQ.KZ тілшісінің психолог Гүлнұр Сапарова және әлеуметтанушы Ақнұр Иманқұлмен жүргізген подкастынан таба аласыз.

Подкастта сондай-ақ сталкинг пен алып қашу тақырыптары талқыланды. 2025 жылы Қылмыстық кодекске жаңадан енгізілген екі бапта сталкинг пен алып қашу қылмыс деп танылғаны белгілі. Ал қоғамдық сана бұл баптар арқылы құқығын қорғауға дайын ба? Психологиялық тұрғыдан алып қашу деген не? Сталкерлердің қандай типтері бар? Экс-күйеудің ғана емес, отасқан жарыңыздың әрекетінде қандай сталкерлік белгілер болуы мүмкін? “Алып қашса да, бақыттымын” дейтін әйелдердің әңгімесі миф пе, шындық па? Осы сауалдар төңірегіндегі бейнематериалымызды төменнен тамашалай аласыз.