The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Отырар: волейболдан ересектер арасында аудандық турнир өтті

Қай мемлекеттің болмасын ең басты байлығы ол-халқы. Сол халықтың  салауатты өмір сүруі үшін, ең бірінші байлығы денсаулық болса, денсаулықтың негізі- спорт екені баршамызға мәлім.

Осы орайда бүгін тамыз айының үшінші жексенбісі спортшылар мерекесіне орай спорт кешенінде ауданымыздың спортына өзіндік үлесін қосып, келешек ұрпаққа үлгі өнеге қалдыра білген Тәшімбетов Марат Темірханұлын еске алуға арналған волейболдан ересектер арасында  аудандық турнир өтті. Турнирдің өтуіне спорт саңлағының ұлы Ерлан Маратұлы арқау болып, турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Құлмаханов Айдос Құлмаханұлы мен аудандық мәслихат хатшысы Манапов Мырзахан Бексұлтанұлы  құттықтау сөз сөйлеп, командаларға сәттілік тіледі.

Ауданымыздың мақтанышы Марат Темірханұлының құрметіне орай ұйымдастырылған жарысқа барлығы 6 команда қатысты.  Тартысқа толы жарыстың нәтижесі бойынша жүлделі 3-ші орынды Ақтөбе ауыл округі иеленді, ал 2-ші орынға Шілік ауыл округі қол жеткізсе, Темір ауыл округі жарыста озық атанды.  Сонымен қатар, турнирде үздік ойын көрсеткен ойыншылар арнайы алғыс хаттармен марапатталып, бағалы сыйлықтар  табысталды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі артты

admin

Алтын құрсақты аналарға «АЛТЫН» және «КҮМІС» алқа табысталды

admin

Тоқаев Үкіметке және облыс әкімдеріне бірқатар тапсырма берді

admin