The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Полиция қызметкері қағып кеткен әйел ауруханада көз жұмды

Шымкентте тәртіп сақшысы қызметтік көлікпен қағып кеткен әйел ауруханада көз жұмды.

Дәрігерлердің айтуынша, әйел азаматы шұғыл түрде №1 клиникалық ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған. Науқастың бас миында ауыр жарақат және соққы салдарынан ісік пайда болған. Ақ халаттылар пациенттің өмірі үшін күрескенімен, жарақаттың ауырлығына баланысты оны аман алып қалу мүмкін болмады.

Еске салсақ, 3 тамыз сағат 17.00 шамасында Байтұрсынов көшесі бойындағы жаяу жүргіншілер жолағында жол-көлік оқиғасы болды. Тұран аудандық ПБ полицейі қызметтік көлікпен анасы мен оның кәмелет жасына толмаған қызын қағып кеткен болатын.

Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 345- 2-бөлігі бойынша іс тіркелді.

Ұқсас жаңалықтар

Отырар: аудан басшысы маяқұм ауылындағы өзекті мәселелермен танысты

admin

Референдумда ең дұрыс шешім қабылданады

admin

Директорларды қанша жылға тағайындау керек? Аймағамбетов ойын айтты

admin