The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Президент Пәкістан Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

 Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Пәкістан тарапының бастамасымен өткен әңгімелесу барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Премьер-министр Шахбаз Шариф бір-бірін Құрбан айт мейрамымен құттықтады.

Тараптар екіжақты қатынастардың перспективті бағыттарына айрықша мән берді.

Мемлекет басшысы екі елдің көпжақты ынтымақтастығының қозғаушы күшіне айналып келе жатқан экономикалық кооперацияның әлеуеті зор екенін атап өтті.

Бұдан бөлек, Қазақстан мен Пәкістанның халықаралық ұйымдар аясындағы ықпалдастығына қатысты мәселелер, соның ішінде алдағы уақытта Астанада өтетін ШЫҰ саммитінің күн тәртібі талқыланды.

Ұқсас жаңалықтар

Жетісу облысының екі ауданында 300 шақырымнан астам суару желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр

admin

Кентау: қаладағы қураған талдарға емдеу шаралары атқарылуда

admin

Түркістанда республика күніне арналған «ЖАСА, ЖАЙНА, ҚАЗАҚСТАН!» салтанатты іс-шарасы өтті

admin