The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Президент терроризмге қарсы күресте Қазақстанның Ресеймен бірге екенін растады

 Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы бейбіт тұрғындарға қатысты Мәскеу облысында болған зорлық-зомбылық әрекетті тағы да айыптай отырып, терроризмге қарсы күресте Қазақстанның Ресеймен бірге екенін растады.

Жиын барысында құқық қорғау құрылымдары мен жергілікті атқарушы органдардың жұмыс жоспары, сондай-ақ экстремалды жағдайлардағы олардың қызметін үйлестіру мәселелері қарастырылды.

Президент ел азаматтарының қауіпсіздігін және терроризмге қарсы күрес мақсатында Қазақстанның басқа мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ықпалдастығын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазығұрт: аудан әкімі Арман Абдуллаев тұрғындарға жеке өтініштері бойынша кезекті қабылдауын өткізді

admin

Мұнай бағасы өссе, Қазақстанға 37 млрд доллар пайда түсуі мүмкін

admin

Қазақстанда лицензиясыз салынып жатқан құрылыс нысандары көп

admin