The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын форматта өткен отырысына қатысты

 Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын форматта өткен отырысына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өтіп жатқан Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) кезекті отырысына қатысты.

Саммитке Қазақстан Президентімен қатар, Армения Премьер-министрі – ЖЕЭК төрағасы Никол Пашинян, Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты.

Мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ықпалдастықтың маңызды міндеттері мен негізгі бағыттарын талқылады. Сондай-ақ ЕАЭО қызметінің жекелеген аспектілері жөнінде пікір алмасты.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Ордабасыда күркетауық өсіру шаруашылығы дамып келеді

admin

ТҮРКІСТАН: Кентау қаласының №5 жылу энерго орталығындағы жөндеу жұмыстары күнделікті қадағалануда

admin

Шымкентте Палацк университетінен шақырылған ғалымдармен тәжірибе алмасу басталды

admin