Ресей елшісі Владимир Путиннің Қазақстанға сапармен келетінін айтты

Мәскеу мен Астана 2026 жылы Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің Қазақстанға сапарының күнін келісіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Бұл туралы Қазақстандағы РФ елшісі Алексей Бородавкин мәлімдеді.

Ресей президенті Владимир Владимирович Путиннің Қазақстанға сапары туралы айтар болсақ, мұндай жыл сайынғы визит алмасулар әдетке айналған. Қазіргі уақытта оның күнін бекіту жұмыстары жүргізілуде және кездесулердің мазмұнын дайындау жалғасып жатыр, – деді дипломат.

Report басылымына берген сұхбатында елші сапар күнін нақтылау кезінде мамыр айының соңында Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы жоспарланғанын атап өтті. Бұл отырысқа Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің басшылары қатысады, соның ішінде Ресей президенті Владимир Путин де болуы күтілуде.

2026 жылы Қазақстан ЕАЭО төрағалығын қабылдады, және мамыр айының соңында Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді. Оған Одаққа мүше мемлекеттердің басшылары қатысады, соның ішінде Ресейдің жетекшісі де болады, – деді Бородавкин.

Елші Владимир Путиннің сапары екі ел арасындағы қатынастар тарихында есте қаларлық оқиға болуы мүмкін екенін атап өтті. Оның сөзінше, Ресей басшысының бұл сапары Мәскеу мен Астананың ынтымақтастығын дамыту динамикасына қосымша серпін беруі ықтимал.