Ресейде екі адамнан маймыл шешегі анықталды

Ресейде маймыл шешегін жұқтырған екі науқас дереу жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Санкт-Петербург пен Ленинград облысы бойынша Роспотребнадзордың өңіраралық басқармасы олардың жағдайлары қанағаттанарлық деп отыр.

Санкт-Петербург пен Ленинград облысы бойынша Роспотребнадзордың өңіраралық басқармасы Тайланд Корольдігіне туристік сапардан оралған азаматтар арасында маймыл шешегі бойынша зертханалық түрде расталған екі жағдай тіркелгенін хабарлайды, — делінген ресми мәлімдемеде.

Ведомствоның мәліметінше, маймыл шешегі жұққан туристермен байланыста болған адамдар анықталып, қазір олардың барлығы медициналық бақылауда.

Айта кетерлігі, бұған дейін Мәскеу облысында маймыл шешегінің үш жағдайы тіркелген. Бір науқас ауруханадан шығарылды, екеуі Домодедово қаласындағы ауруханада ем қабылдауды жалғастырып жатыр.

Роспотребнадзорда осы жағдайлар анықталғаннан кейін маймыл шешегінің таралуына жол берілмегенін мәлімдеді. Ведомство өкілдері өңіраралық басқарма мамандары эпидемиологиялық тексеру жүргізіп, індетке қарсы барлық шаралар толық көлемде ұйымдастырылғанын атап өтті.

Сондай-ақ ведомствода маймыл шешегіне қатысты жағдай қатаң бақылауда екенін, ал инфекцияның Ресей Федерациясына сырттан әкеліну қаупі әлі де сақталып отыр.