The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықТехнология

“Sәlem Entertainment Digital Bridge 2025” форумы: ЖИ саласындағы жаңа бастамалар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Bridge 2025 форумында өткен Жасанды интеллектті дамыту жөніндегі кеңес отырысы аясында ұсынылған цифрлық әзірлемелер көрмесімен танысты. Қатысушылар арасында Sәlem Entertainment компаниясы да өзінің жасанды интеллект саласындағы жобаларын көрсетті.

Бас директор және продюсер Игорь Цай жасанды интеллект арқылы жасалған генеративті контентті таныстырып, Sәlem AI бағытының дамуы туралы баяндап берді.

«Біз Sәlem-де әрдайым сериалдар мен фильмдерді өндіру мен жылжытудың халықаралық алгоритмдерін енгізіп, бейімдейміз. Биыл біз Google (Alphabet) компаниясының VEO3 бөлімшесінің қолдауымен жасанды интеллект арқылы контент жасау технологияларын сынақтан өткізіп жатырмыз. Бұл бағытты дамыту арқылы біз, біріншіден, промпт-инженерлер мен арт-директорларды даярлауға, екіншіден — вертикалды форматтағы эксперименталды серияларды өндіруді қаржыландыруға баса назар аударып отырмыз», — деп атап өтті Цай.

Іс-шара еліміздегі цифрлық технологиялардың даму қарқынын, сондай-ақ отандық бизнес пен институттардың жасанды интеллекттің ұлттық экожүйесін құруға қосқан үлесін көрсетті. Бұл процесте Sәlem Entertainment медиа, технология және білімді біріктіре отырып, өз үлесін қосуда.

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: 100 отбасыға құрал-жабдықтар салынған сөмкелер таратылды

admin

Убийство Аяжан Едиловой – назначена дата главного судебного разбирательства

admin

Жасанды интеллект журналистикаға үлкен мүмкіндік әкелді – Айна Задабек

admin