Сарапшы: Сауда мен логистика экономиканың негізгі өсім драйверіне айналды

Экономист Айбар Олжай «15 минуттық экономика» жобасында елдегі сауда мен қызмет көрсету салаларының ерекшелігіне, ішкі саудаға тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Экономистің айтуынша, сауда және қызмет көрсету салалары ішінде биыл ішкі сауда мен көлік-логистика секторлары ерекше қарқын көрсетті. Сауда саласының көлемі жыл басынан бері 9% деңгейінде өсіп отыр. Бұл, ең алдымен, ішкі сұраныстың артуы мен тұтыну тауарларына жұмсалатын шығындардың көбеюіне байланысты.
Ал көлік тасымалы саласында тіпті рекордтық өсім тіркелді. Тасымалдаудың барлық түрлері бойынша көлемдердің артуы нәтижесінде көлік қызметтерінің жалпы көлемі 20,7%-ға артты. Бұл – өте жоғары көрсеткіш. Мұнда жүк тасымалының, теміржол және автомобиль көлігінің, сондай-ақ әуе тасымалдарының айтарлықтай жандануы маңызды рөл атқарды.
Тасымалдау көлемдерінің барлық түрлері бойынша өсуінің арқасында көлік қызметтерінің көлемі 20,7%-ға бірақ артты. Бұл өте жоғары көрсеткіш, мұнда жүк тасымалының, теміржол және автомобиль, тіпті әуе тасымалдарының айтарлықтай жандануы рөл атқарды, – деп атап өтті сарапшы.
Айбар Олжайдың пайымдауынша, пандемиядан кейінгі кезеңде тасымал мен логистика саласының жедел қалпына келуі және жаңа бағыттардың ашылуы көлік секторындағы өсімге тікелей әсер етті.
Жалпы алғанда, қызмет көрсету секторы экономиканың ұлғаюына үлкен үлес қосып отыр. Ішкі нарықтың жандануы арқасында қызметтер секторы 5%+ деңгейінде өсіп отыр, – деді экономист.








