The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Сарыағаш ауданында егін егу науқаны басталды

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ЕГІН ЕГУ НАУҚАНЫ БАСТАЛДЫ

Сарыағаш ауданының экономикасын дамытудың негізгі басымдықтарының бірі – ауылшаруашылық саласы. Аталған саланы дамыту мақсатында аудан шаруалары көктемгі дала жұмыстарын жүргізуді қолға алып отыр. Ауданда екі-үш өнім алу жобасы бойынша егін егу жұмыстары басталды.
Қазіргі таңда аудан аумағында 315 га жерге қырыққабат және 130 га жерге картоп егілді. Сонымен қатар, осы жылдың дәнді дақылдар өнімі үшін 30 мың га жерге күздік бидай себілді.
Биыл ауданда жалпы 70 мың гектарға жуық жерге егін егу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, 42 мың 800 гектарына астық, 2200 гектарға майлы дақылдар, 4000 га жерге картоп, 10 мың гектардан аса көкөніс, 1200 га бақша және 9 мың га жерге мал азықтық дақылдар егілетін болады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Мүмкіндігі шектеулі жандар мен жалғызілікті қарттарға әлеуметтік қызметкерлер қомқорлық көрсетуде

admin

Кәсіпкерлік саласына қатысты кеңес өтті.

admin

«Таза Қазақстан»: Бектенов Түркістанда бұлақ тазалау акциясына қатысты

admin