The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратСаясат

Сауран ауданында қха жанындағы қоғамдық келісім кеңесі мен аналар кеңесі құрылды

Бүгін Түркістан облысы Сауран ауданының әкімі Ғ.Рысбековтің төрағалық етуімен Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Сауран аудандық Қоғамдық келісім кеңесі мен Аналар кеңесінің алғашқы бірлескен отырысы болып өтті, деп хабарлайды  dingek.kz

Отырыстың күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Сауран аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасын сайлау.
Сауран аудандық Аналар кеңесінің төрайымын сайлау Білім беру саласының ардагері Батырбеков Өміртай Сауран аудандық Қоғамдық келісім кеңесі төрағалығына Әміреев Оразбек Жұмабекұлы кандидатурасын ұсынды.
Сауран аудандық Әжелер алқасының мүшесі Байтенова Балымхан Сауран аудандық Аналар кеңесінің төрайымы қызметіне Жұманова Нышанкүл Абылайқызын ұсынды. Отырысқа қатысушылардың дауыс беруімен, Сауран аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Әміреев Оразбек Жұмабекұлы және аудандық Аналар кеңесінің төрайымы болып Жұманова Нышанкүл Абылайқызы сайланды. Отырыс соңында аудан әкімі Ғани Құрмашұлы жаңадан сайланған төрағаларға алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, барша отырысқа қатысушыларға алғыс білдірді. 

Ұқсас жаңалықтар

Тараз мектебінде өрт шығып, 5 адам зардап шекті

admin

Алматы тұрғындарының басты 5 мәселесі – шешім жолдары қандай?

admin

Кентау: ауылдарда заңсыз жер қойнауын пайдаланудың алдын алу және болдырмау мақсатында атқарылған шаралар талқыланды

admin