The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Сауран ауданының коммуналдық саласы жаңа техникалармен толықты

Мемлекет басшысы өңірлерді дамыту мәселесін ең алдыңғы бағыттарға қойған болатын. Осы ретте елді мекендерде техникамен атқарылатын жұмыстар көлемінің ұлғаюына байланысты оларды қажетті техникалармен қамтамасыз етуге мүмкіндіктер жасалынды. Осы ретте Сауран ауданында жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, коммуналдық саладағы қызметті одан әрі жетілдіру, жұмысты оңтайландыру мақсатында техникалық көліктері сатып алынды. Олардың ішінде жүк тиегіш көлік, трактор, манипулятор, қоқыс таситын көлік, автогрейдерлер және «Муравей» мотоциклі және тағы басқа техникалар бар.

Ауданның санитарлық тазалығын қамтамасыз ету бағытындағы және коммуналдық жұмыстар осы техникалардың көмегімен  атқарылады.

Аталған көліктер аудан әкімдігінің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Сауран қызмет» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қарамағына берілді.

Ұқсас жаңалықтар

Жамбылда заманауи медициналық аппараттар қолданылуда

admin

ШЫМКЕНТ: БАҚ өкілдері жол құрылысы жұмыстарымен танысты

admin

Қазақстанда талапты орындамаған әлеуметтік желілер бұғатталуы мүмкін

admin