The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Семейден Алакөлге пойыз жүре бастады

 Жуырда «Семей-Достық» бағытымен Алакөлге жолаушылар пойызы жолға шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Пойыз айдың тақ санды күндері жүреді. Бір уақытта 354 жолаушыны тасымалдай алады. Жол жүру уақыты 16 сағат 40 минут.

«Семей-Үржар» бағытындағы әуе рейстері аптасына 3 рет (маусым — тамыз айлары аралығында, аптасына 5 ретке дейін) қатынайды. Билет құны — 14 000 теңге.
Әуе қатынасын «Южное небо» әуекомпаниясы сыйымдылығы 50 адамға дейін АН-24 ұшағы арқылы жүзеге асырады.

Жаз мезгілінде облысымызда «Семей – Жалаңашкөл» бағытында әлеуметтік маңызға ие пойыз қатынайды. Арақашықтық – 731 шақырым. Күнара 7 вагоннан жөнелтілетін бұл бағыттағы жол жүру құны: плацкарт – 4 322 теңге, купе – 6 226 теңге.

Ұқсас жаңалықтар

Арыста республика күніне орай ұлағатты ұстаз әрі ақынның 100 жылдығына арналған облыстық байқау өтті

admin

Ертеңнен бастап сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіледі

admin

Шырайлы Шымқаладағы шуақты кездесу

admin