The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықҚоғам

Сенат Цифрлық кодексті мақұлдады

 Сенат Цифрлық кодексті мақұлдады. Құжат цифрлық заңнаманың бірыңғай қағидаттарын бекітеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Кодексте цифрлық объектілердің құқықтық режимі енгізіледі. Олардың түрлері айқындалып, оған цифрлық деректер, цифрлық активтер, цифрлық ресурстар, бағдарламалық қамтамасыз ету, цифрлық жүйелер мен платформалар кіреді.

Цифрлық ортаға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері нақтыланады. Азаматтардың цифрлық құқықтары, соның ішінде цифрлық сәйкестікті қорғау құқығы белгіленіп, цифрлық қатынастар субъектілерінің міндеттері айқындалады.

Цифрлық сәйкестендіру мен биометрияға қатысты мәселелер реттеледі: цифрлық және биометриялық аутентификация тәртібі, сондай-ақ цифрлық деректердің идентификаторларын пайдалану қағидалары белгіленеді.

«Цифрлық үкіметті» дамыту мен мемлекеттің цифрлық архитектурасын қалыптастыруды қоса алғанда, цифрлық мемлекеттік басқарудың құқықтық негіздері бекітіледі.

Сондай-ақ жаңа технологияларды реттеу және деректер қауіпсіздігі қарастырылады: смарт-келісімшарттар, үлестірілген жүйелер, автоматтандырылған шешімдер, цифрлық деректерді қорғау және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары көзделген.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан мен Қырғызстан арасында туристік байланыстар артады

admin

Түркістан облысында жаңа тәсілмен мақта шаруашылығын дамыту қолға алынды

admin

Түркістан: кәсіпкерлікті жандандыру мақсатында облыс делегациясы Қытайға іссапармен барды

admin