The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратҚоғамСаясат

«Шекарасыз тілшілер» ұйымы Душанбені қамаудағы журналистерді босатуға үндеді

 «Шекарасыз тілшілер» (Reporters Without Borders) халықаралық ұйымы тәжік журналистерінің қамалғанын айыптады. Құқық қорғаушылар мұны ақпарат құралдарын қорқытып-үркітудің бір бөлігі деп есептейді. Ұйым 27 шілдеде жариялаған мәлімдемесінде блогер мен журналистер Абдулло (Авазмада) Гурбати, Далери Имомали, Завкибек Саидамини және Абдусаттор Пирмухаммадзодаға қарсы қозғалған істерді «қолдан жасалған» деп атап, оларды дереу босатуға шақырды.

 Ұйымның аймақ директоры Жанна Кавальер атап өткендей, Тәжікстан қоғам кемшіліктерін көрсетіп жатқан журналистерді қамау тәжірибесін тоқтатуы тиіс. Жоғарыда аты аталған журналистер биыл маусым-шілде айларында тыйым салынған ұйымдармен байланысы бар деп ұсталған. Осыған дейін басқа да халықаралық ұйымдар тәжік билігін журналистерді босатуға шақырған. Бірақ ресми Душанбе үнсіз қалып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

ТУРКЕСТАН: В КЕНТАУ ПОЛНЫМ ХОДОМ ИДУТ РЕМОНТНЫЕ РАБОТЫ

admin

Ордабасы: аудан әкімі Бөржар ауыл округіне қарасты Қайнар ауылы тұрғындарымен кездесті

admin

ШЫМКЕНТ: 2500 азамат 30-дан астам қажетті мамандықтар бойынша кәсіптік білім алуда

admin