The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Шенеунік мемлекеттік пәтерлерді арзан бағаға туыстарына үлестірген

Алматы қаласы №2 Медеу аудандық соты «Алматы қаласы әкімдігінің күрделі құрылыс кәсіпорны» ЖШС директоры Р. Байтасовқа үкім шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Антикордың мәліметінше, ол 4 жылға бас бостандығынан айырылған.

Байтасов 23 мемлекеттік пәтерді өзінің туыстары мен таныстарына төмен бағаға заңсыз сату арқылы лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыпталды.

Бұл «Алматы» ӘКК» АҚ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сырттай талдау барысында анықталған.

Мемлекетке келген залал сомасы 388 млн теңгеден асты.

Сотталушы мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысы әскерге шақырушылар саны бойынша республикада көш бастап тұр

admin

Түркістан: су үнемдеу технологиясын пайдалану көрсеткішін көтеру бойынша нақты тапсырмалар

admin

Армения Қазақстан үшін маңызды, өте мағыналы серіктес – Тоқаев

admin