The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Шенген визасы 12% қымбаттады

 Шенген визасының ақысы өсті. Еуропаға сапарлағысы немесе жұмыспен барғысы келетін қазақстандықтар үшін виза 12 пайызға қымбаттаған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

КТК телеарнасының хабарлауынша, Шенген визасы ересектер үшін 80-нен 90 еуроға өсті. Ал балалар бұған дейін визаны 40 еуроға рәсімдесе, енді оның құны 45 еуро болды.

Еурокомиссия бекіткен жаңа тариф 11 маусымнан бастап күшіне енеді.

Бұған Еуроодақ елдеріндегі инфляция әсер еткен. Дегенмен ресми Брюссель визалардың ішінде ең қолжетімдісі Шенген екенін атап өтіпті. Мәселен Америка Құрама Штаттары, Аустралия мен Ұлыбритания визалары адам басына 130 еуродан басталады.

Ұқсас жаңалықтар

Ұлытау облысында мал санын азайтып көрсету деректері анықталды

admin

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №1022 Жарлығымен аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін:

admin

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ 62 ШАҚЫРЫМ ЖОЛҒА ШАҒАЛ ТАС ТӨСЕЛЕДІ

admin