The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Шетелдік көліктерді заңдастыру: сall-орталық іске қосылды

2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елімізге әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыру науқаны 2023 жылдың 23 қаңтарынан басталды.

Осы орайда Түркістан облысының тұрғындары сырт елден әкелінген автомобильдерді тіркеуге қатысты ақпараттарды +7 7253 358 637 байланыс телефоны арқылы біле алады. Сall-орталықтан бөлек, шетелдік көліктерді заңдастыру бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарында мамандар кеңесі ұсынылады.

Заңдастыруға өтінішті «Электрондық үкімет» порталы арқылы немесе арнайы мамандандырылған ХҚКО-ға беруге болады. Онда арнайы секторлар ұйымдастырылады, олар тек шетелдік автокөліктерді заңдастыруға қажетті құжаттарды қабылдайды. Азаматтар шетелдік көліктерін тіркеу үшін 4 құжатты ұсынуы қажет: 1) өтініш; 2) өтініш берушінің жеке куәлігі; 3) көлік құралының паспорты немесе көлік құралын тіркеу туралы куәлігі; 4) көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат. Өтініш пен құжаттарды тапсырғаннан кейін көлікті мамандандырылған ХҚКО-ның тексеру пунктіне нөмірлік агрегаттарды салыстыру үшін кіргізеді. Тексеруден өткеннен кейін 2 күн ішінде көлікті заңдастыруға болатыны немесе болмайтыны жөнінде шешім шығарылады.

Шетелдік көліктерді тіркеу Түркістан облысы бойынша 5 мамандандырылған ХҚКО-да, яғни Түркістан қаласында, Мақтаарал, Ордабасы, Сайрам және Сарыағаш аудандарында жүргізіледі.

Айта кетейік, шетелдік көлік иесі алғашқы тіркеу үшін 200 000 теңге, техпаспорт үшін – 4 313 теңге және мемлекеттік нөмір үшін 9 660 теңге көлемінде мемлекеттік төлемдер төлейді.

Түркістан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте әлеуметтік дүкендер саны артуда

admin

Шымкентте ҚХА мүшелері «Мектепке жол» акциясы аясында 532 оқушыға қолдау көрсетті

admin

Қазақстанда Тик-Ток желісі жабыла ма – платформа ұжымы жауап берді

admin