Шұғыл: ТЖД алматылықтарға ескерту жасады

Алматы қаласының ТЖД ауа райының күрт нашарлауына байланысты қала тұрғындары мен қонақтарына үндеу жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ТЖД «Қазгидромет» таратқан дауылды ескертуге сүйеніп, 2025 жылдың 8 желтоқсанында:

  • таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (қар) және көктайғақ күтілетінін;
  • Алматыда – тұман түсіп, ауа температурасы төмендейтінін және тау бөктерінде көктайғақ болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Құтқарушылардың ұсыныстары:

  • жолдағы жағдайды ескере отырып, бағыттарыңызды қайта қараңыз;
  • қала қонақтары мен туристерге тауға барудан бас тарту қатаң түрде ұсынылады;
  • егер тау жақта жүрсеңіз, ауа райы нашарлаған кезде кері жолды таба алмай қалу қаупі бар, сондықтан үйге қайтуды кешке қалдырмаңыз;
  • автокөлікті ағаштардың астына қоймаңыз;
  • бекітпесі әлсіз құрылымдардың жанында тұрмаған жөн, олар құлап, жарақат алуыңыз мүмкін.

Алдағы суыққа байланысты:

  • пеш мұржасының тығыз жабылғанын үнемі тексеріп жүріңіз, бұл жану өнімдерінен шығатын улы газдың үйге тарауына жол бермейді;
  • электр желілерін шамадан тыс жүктемеңіз.