The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

ШЫМКЕНТ: 100 орынға арналған инфекциялық стационар ашылды

Шымкентте №1 қалалық клиникалық ауруханасы жанынан 100 орынға арналған инфекциялық стационар ашылды. Аталған медициналық нысанның науқастарды қабылдау процесімен қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан арнайы барып танысты.

Коронавирустық инфекция жұқтырған науқастар санының өсуіне байланысты жасақталған бұл стационар жүкті әйелдерге арналған. Резервтік стационарда реанимациялық төсек орындар мен науқастарды емдеу үшін барлық қажетті медициналық жабдықтармен қамтылған. Мұнда дәрігерлер ковид ауруының орташа және ауыр ағымы бар науқастарды емдейді.

Әкім орынбасары індетпен күресте жалғыз тиімді әдіс – вакцинация екенін айтып, жақындарымыз бен айналамыздағы адамдардың денсаулығына жанашыр болуға шақырды.

Сонымен бірге, бір тәулік ішінде қалада 8742 адам вакцина алды. І компонентін алғандары -4095, ІІ компонентін алғандар- 3647
Жалпы егу науқаны басталғалы барлығы 334 438 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 205 678 адам вакцинаның екі компонентін алды.

Айта кетейік, қазір қалада инфекциялық ауруға шалдыққан 1346 азамат стационарда ем қабылдауда. Төсек-орын толымдылығы 61% құрайды. Өткен тәулікте 421 науқастан коронавирус анықталған.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында инвестициялық штаб жұмысын бастады

admin

Жамбыл облысында 2025 жылға дейін 140,8 млн. ағаш егу жоспарлануда

admin

Субұрқақта шомылып жүрген 10 жасар бала қайтыс болды

admin