The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

ШЫМКЕНТ: 2021-2022 жылдарға арналған жылу маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы аумағында 672 көпқабатты тұрғын үй болса, оның 615-і жылу қабылдайтын көпқабатты тұрғын үй ретінде тіркелген.

Бүгін Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев Отырар және Спорт шағын аудандарын аралап, «Қуатжылуорталық-3» мамандарымен бірлесе жылыту маусымына дайындық жұмыстарын пысықтады. Бүгінде 143 көпқабатты тұрғын үй жылыту маусымына дайын.

Әл-Фараби әкімдігі мамандары тарапынан үй басқарушыларына қысымдау, сығымдау жұмыстарын жүргізу қажеттігі ескертілуде. Сондай-ақ көпқабатты тұрғын үйлердің келбетін, тазалығын және жылуын сақтау мақсатында кіреберіс алаңдардың есік-терезелерін бүтіндеу, істен шыққан құбырларды ауыстыру бойынша үй тұрғындарына түсіндірме жұмыстары да қатар жүргізілуде.

Шымкент қаласы Абай ауданының әкімі Б.Парманов 2021-2022 жылдарға арналған жылу маусымына дайындық жұмыстарын бақылап, көпқабатты тұрғын үйлерінің жер асты жылу құбырларының жөндеу жұмыстарын тексерді. Жалпы Абай ауданы бойынша 416 көпқабатты тұрғын үй орталық жылу жүйесіне қосылған.

Қазіргі таңда аудан бойынша тұрғын үйлердің 54,8 пайызы жылу маусымына дайын. Сонымен қатар, жылу маусымына дайындық жұмыстарын ағымдағы жылдың 15 тамызына дейін 70 пайыздан асыру жоспарлануда.

Ұқсас жаңалықтар

СОЗАҚТА МЕКТЕП ФОРМАСЫНА ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТУДЕ

admin

Әлібек Нұртаев — «Тұран» футбол клубының директоры болып тағайындалды

admin

ШЫМКЕНТ: Жан басына қаржыландыру балалардың кез-келген үйірмеге баруына қолжетімді етеді

admin