The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

ШЫМКЕНТ: «30 игі іс» жобасы аясында көпір жөндеуден өтті

«Nur Otan» партиясы Қаратау аудан филиалының азаматтарды қоғамдық қабылдау бөліміне Керім Тіленшін көшесінің бойындағы көпірдің ескіріп құлап жатқанын және тұрғындарға қолайсыздық тудырғанына байланысты қайта қалпына келтіріп беруі жөнінде тұрғындардан өтініш келіп түсті.

?Мәселені қарай келе, ел іргесі қаланған күннен бастап 30 жылдық мерейтойдың өтілуіне орай бастау алған «30 игі іс» жобасын қолдау мақсатында бүгін Шымкент қаласының мәслихат депутаты, фракция мүшесі Сулайманов Лазиз Низамханович демеушілік танытып өз қаржысы есебінен Керім Тіленшін көшесінің бойындағы көпірді қайта қалпына келтіріп жатыр.

?Сондай-ақ, Керім Тіленшін көшесінің шұңқырларына жөндеу жұмыстары да жүргізілетін болады. “Nur Otan” азаматтардың өтінішіне әрқашан ден қойып, мәселенің тез шешілуіне барын салады!
Елді мекен тұрғындары «Nur Otan» партиясының атқарып жатқан жұмыстарына ризашылықтарын білдіріп, ауыл ақсақалдары өздерінің батасын берді.
Қайнарбұлақ саяжайы, №83 ЖОМ жанындағы жер теліміне, Қаратау ауданы әкімі аппараты тарапынан мемлекеттік акт беріліп, Шымкент қайырымды қала демеушілер есебінен жаттығу элементтері мен ашық спорт алаңшасы салынды. Мердігер мекеме «Ферротекс» ЖШС.
Мұнда мектептің ауласында қурай өсіп, қоқыс жәшіктері орнатылмаған және балалар суды даладағы бағанадан ішуге мәжбүр. Бұл тез шешілу керек мәселе екені айтылып, нақты тапсырмалар жүктелді. Аталған жұмыстар үнемі партия бақылауында.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанның теміржол саласына жасанды интеллект енгізіле ме

admin

Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы екі есе артты

admin

Бишімбаев ісі. Бас Прокуратура ескерту жасады

admin