The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

ШЫМКЕНТ: Абай ауданы бойынша құрылған мобильдік топтың жұмысы жандандырылды

Шымкент қаласы Бас санитарлық дәрігерінің 14 шілдедегі №22 қаулысына сәйкес Абай ауданы бойынша құрылған мобильдік топтың құрамына тиісті қалалық басқарманың өкілдері енгізіліп, жұмысы жандандырылды.

Мобильдік топ бүгінде аудан аумағындағы кәсіпкерлік нысандардың, оның ішінде базарлар, қоғамдық тамақтану орындарына және т.б нысандардың жұмыс уақыты мен карантин талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында мониторинг жұмыстарын жүргізуде.

Жалпы аудан бойынша маусым айынан бері 2221 нысан тексеріліп, карантин талаптарын бұзған 113 кәсіпкерлік нысанға әкімшілік хаттама толтырылды.

Сонымен бірге, бір тәулік ішінде қалада 8742 адам вакцина алды. І компонентін алғандары -4095, ІІ компонентін алғандар- 3647. Жалпы егу науқаны басталғалы барлығы 334 438 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 205 678 адам вакцинаның екі компонентін алды.

Қазіргі эпидахуалға байланысты Шымкент қаласында карантин талаптары күшейтілді. Осыған орай, сала мамандары кәсіпкерлер мен аудан тұрғындарынан карантин талаптарын қатаң сақтауды сұранады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: 40 мың бас ірі қара малды бордақылауға арналған кешеннің қазығы қағылды

admin

Қазақстан мен Қытай арасындағы құқықтық көмек көрсету туралы шартқа өзгерістер енгізілмек

admin

Шымкент : Ақжайық шағын ауданы жоғары сапалы интернетпен қамтылды

admin