The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Шымкент: әкімшілік іскерлік орталығындағы өрт сөндіру депосы тамызда аяқталады

  • Бүгінде қала аумағында бірқатар өрт сөндіру депосының құрылысы жүргізілуде. Соның бірі — Әкімшілік іскерлік орталығынан бой көтеруде. Қала әкімі М. Әйтенов 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосының құрылысымен танысып, сапасын қадағалады. Жоспарға сәйкес, орталық әкімшілік және депо ғимараттарынан тұрады. Нысанның құрылысы биыл тамыз айында аяқталып, пайдалануға тапсырылады. Қазір монтаждау және ішкі, сыртқы әрлеу жұмыстары мен абаттандыру құрылысы 80 пайызға аяқталған. Құрылыс алаңына 80 жұмысшы, 8 техника жұмылдырылған.
  • Аралау барысында қала әкімі жауаптыларға ғимараттың тиісті талаптарға сай жабдықталуын бақылауды, құрылысты мерзімінде аяқтауды тапсырды.
  • Айта кетейік, Тұран шағын ауданында 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосы кешенінің және Қайнар-бұлақ саяжайында жедел-құтқару жасағының құрылыс жұмыстары 2024-2025 жылдарға жоспарланып отыр. Ал 2025 жылы Солтүстік-Саяжай тұрғын алабында 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосы кешені салынатын болады.
  • Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

М.Әйтенов Ақтас-2 шағын ауданындағы инфрақұрылым мәселесін шешуді тапсырды

admin

ШЫМКЕНТ: «Асар» шағынауданында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде

admin

Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен корольдігі Шымкент қаласында ынтымақтастық орнатуға дайын

admin