The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданы 25 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартуды жоспарлап отыр

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлының тапсырмасына сәйкес, Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев ауданда қарқынды салынып жатқан кәсіпкерлік нысандардың құрылысымен танысты.

Аудан әкімі құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан шағын кәсіпкерлік бизнес өкілдеріне құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында әрқашан қолдау білдіретінін айтып, кәсіпкерлердің ұсыныстарын тыңдады.

Осы орайда инвестиция тарту — қаланың экономикалық әл-ауқатын дамытудың басты кілті. Айта кетейік, ауданға ағымдағы жылы 25 млрд. теңге көлемінде инвестиция тарту межесі бекітілген.

Мемлекет басшысының барлық жастағы ел азаматтары арасында бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Әл-Фараби ауданында заманауи 29 спорт алаңшасы салынады деп жоспарлануда.

Қазіргі таңда, демеуші есебінен салынып жатқан Қалдаяқов көшесі №4/5, Әлімбетов көшесі 45в, «Отырар» ш/а., №52 және «Текесу» тұрғын алабындағы спорт алаңшалары халық игілігне пайдалануға берілді. Қалған аулалар жыл соңына дейін салынып, пайдалануға берілетін болады. Бұл бағытта мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында да бірқатар шағынаудандарда спорт клубтары жұмыс істеуде.

Ұқсас жаңалықтар

Астанада қала күніне орай «Мereke street» жобасы өтіп жатыр

admin

Түркістан облысында кезекті жылыту маусымына дайындық жүріп жатыр

admin

ЮНФПА басшысы Астанадағы акушерлік және балаларға медициналық көмек көрсету қызметінің жұмысын жоғары бағалады

admin