The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

ШЫМКЕНТ: Аудандарда көгалдандыру жұмыстары кестеге сай жүргізілуде

Абай ауданы аумағындағы негізгі көшелердің бойларындағы және аулалардағы жасыл желектерді суғару және қырқу, айналасын тазалау жұмыстары күнделікті жүргізіліп отырады.

Бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында аудан аумағы 11 секторға бөлініп, мердігер мекеме аталған секторларды кестеге сәйкес жүргізуде.

Аталған жұмыстарды мердігер мекеме «Build strip» ЖШС атқаруда.

Қазіргі таңда жасыл желектерді (легустраларды) қырқу жұмыстары Арғынбеков және Темірлан тас жолы бойында атқарылуда.

Тазалық жұмыстары аудан әкімі аппаратының бақылауына алынып, мамандар тарапынан қадағалануда.

Қаланың гүлденуін күзгі салқын түскенге дейін сақтап тұру үшін Әл-Фараби ауданында гүлдер мен ағаштарды күтіп-баптау жұмыстары күнделікті жүргізілуде. Көгалдандыру жұмыстарына жауапты мекеме жасыл желек отырғызудан бөлек, оны қырқу, арамшөптерден тазалау,түбін қопсыту, суару жұмыстарын атқаруда.

Ауданның келбетіне айналған гүлдерді егу күз мезгілінде қайта жалғасын табады. Сондай-ақ ағаш көшеттері мен шым егу жұмыстары да қараша айына жоспарланып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: арыстық қайырымды азаматтар 140 отбасыға қуаныш сыйлады

admin

Трамп: Иранға «өте күшті» соққы жасалады

admin

Ордабасы: мектептердің жылыту маусымына дайындығы пысықталды

admin