The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

ШЫМКЕНТ: Бір тәулік ішінде 5047 адам вакцина алды

Шымкентте 6 қыркүйекте КВИ-дің 106 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 98, белгілері жоқ – ?. 79 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 27 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 2 500 орын бар, төсек орын толымдығы 45%-ды құрайды, 1366 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 1134 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде – 446 төсек орын бар, 214 науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде 5047 адам вакцина алды
(I компонент-2697, II компонент-2350). Егу науқаны басталғалы барлығы 443 305 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 375 000 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 40 мобильдік топ жұмыс атқаруда. Олар өткен тәулікте 352 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді. Мамандар карантин талаптарын бұзу жайттары әлі де тоқтамай жатқанын айтуда. Атап айтқанда 6 қыркүйек күні 3 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықтап, әкімшілік хаттамалар толтырған.

Карантин талаптарын бұзу — айыппұл арқалау ғана емес, өзгенің өміріне де немқұрайлы қарау екенін ұмытпайық!

Ұқсас жаңалықтар

Блогерлерге құмар ойындарды жарнамалауға тыйым салынады

admin

Шымкент қаласының Абай ауданы аумағында 453 көпқабатты тұрғын үй бар

admin

Түркістан облысында қуаты 1000 мвт-қа жететін бу-газ қондырғысының құрылысы жүріп жатыр

admin