The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

ШЫМКЕНТ: Еңбекші ауданында санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізді

Шымкент қаласының аудан аумақтарындағы тұрғын алаптар мен шағынаудандар және орталық көшелерде тазалық жұмыстары кестеге сәйкес атқарылуда.

Еңбекші ауданында мердігер мекеме “ЛТД Тұрмыс” ЖШС санитарлық тазалау, аядамаларды, көшелерді жуу, ирригациялық арықтарды тазалау жұмыстарын жүргізді. Мекемеден 178 адам 43 техника жұмылдырылған

Бұл бағыттағы жұмыстар аудан әкімі аппаратының бақылауында және тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Қаланың тазалығын сақтауға әрбір қала тұрғыны жауапты. Қаламызды көркейтуге бірге атсалысайық.

Еңбекші ауданында көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларында ағаш бұтақтарына санитарлық кесу, тазалық және аула аумағындағы ағаштарды суғару жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда Сайрам, Елшібек батыр және Ш.Уалиханов көшелеріндегі көпқабатты тұрғын үйлердің аумағында атқарылуда. Жауапты мердігер мекеме «Build Stroi» ЖШС-і тарапынан кестеге сәйкес орындалуда.

Айта кетейік бұл жұмысқа 4 техника мен 35 жұмысшы жұмылдырылған. Жұмысшылардың еңбегі аудан тұрғындары тарапынан әрқашан бағаланып, алғыс және ризашылық көңілдерін білдіруде. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістанда төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелері талқыланды

admin

Қазақстанда балалар спортын қаржыландыру екі есеге артады

admin

Астанада екі жас құрылысшы 15-қабаттан құлап, мерт болды

admin