The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

ШЫМКЕНТ: «eQonaq» бірыңғай ақпараттық жүйесінде 120 нысан бар

Шымкент қаласына келуші қонақтар үшін ыңғайлы және жайлы жағдай жасау мақсатындағы жұмыстар жүйелі іске асуда. Биылғы жылдың мамыр айында Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы мен «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы арасындағы екіжақты келісім аясында «eQonaq» бірыңғай ақпараттық жүйесі қонақ үйлерде орнатылған болатын.

Ақпараттық жүйе арқылы мегаполиске келген туристер ертеректе атқарылғандай Көші-қон полициясына барып немесе «егов» порталына кіріп уақыт жоғалтпай, өздері тоқтаған қонақ үйде қызметкерлердің көмегімен немесе өз ықпалымен тіркеле алады. Бұл туристерді есепке алу, туристік ағынды талдау және көші-қон бақылауын жүзеге асыруға арналған жүйе. Бүгінгі күнге дейін базада 40 мыңға жуық шетел азаматы тіркелген.

Жалпы Шымкентте 120 орналастыру орны бар. Оның жетпісінде, атап айтсақ, қонақ үйлер, хостелдер және демалыс үйлері тәжірибеде қолданып келеді. Жыл соңына дейін барлық нысанға «eQonaq» бірыңғай ақпараттық жүйесін орнату жоспарланған.

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: «Зертас» фермасы жылына 1000 тоннадан аса сүт өндіреді

admin

Түркістан төрінде кино әуендері шырқалды

admin

Су тасқыны: «AMANAT»-тың депутаттары тұрғындармен кездесті

admin