The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

ШЫМКЕНТ: Игілік тұрғын алабында инфрақұрылым жүйелері шешімін табады

Шымкент қаласының Абай ауданы Игілік тұрғын алабында ауыз су жүйелерінің құрылысы 2020 жылы аяқталған болатын. Ауыз су құбырының ұзындығы – 85,9 шақырым. Құрылысты «СМК и 7 –Ж» ЖШС атқарды.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов елдімекендегі инженерлік-инфрақұрылым нысандары бойынша атқарылған жұмыстарды пысықтады. Бүгінде құрылысы басталған электр желілерінің жалпы ұзындығы – 25,4 шақырым. Медігер мекеме құрылысты биыл IV тоқсанда аяқтауды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, тұрғын алапта 13,4 шақырым 30 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары орындалды. Мердігер «Асфальт» ЖШС аталған жұмыстарды толығымен аяқтады.

Шымкент қаласының «Тәуелсіздікке – 20 жыл» тұрғын алабында электр нысандарының құрылысы қолға алынған. Электр желілерінің жалпы ұзындығы – 23,7 шақырым.
Бас мердігер «Алтын Констракшн» ЖШС құрылыс-монтаж жұмыстарын 2021 жылдың 4-ші тоқсанында аяқтап, нысанды пайдалануға бермек.

Тұрғын алапта ауыз су жүйесі құбырының ұзындығы – 28,3 шақырым. Халықты сапалы ауыз сумен қамту бағытындағы құрылыс жұмыстары өткен жылы желтоқсанда аяқталған еді.

Бүгінде тұрғын алапта 39 көшеге қиыршық тас төселінді. Көшелердің жалпы ұзындығы 8,9 шақырымды құрайды. Шағал тас төсеу жұмыстары толығымен аяқталған.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында үш ауылға газ берілді

admin

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында ұзын-сонар кезек пайда болды

admin

Өткен сессияда AMANAT партиясы 62 заңға бастамашылық етті

admin