The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Шымкент қаласы мәслихатының кезекті vi сессиясы өтті

Бүгін сегізінші шақырылымдағы Шымкент қаласы мәслихатының алтыншы сессиясы болып өтті. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен сессияда бірқатар маңызды мәселелер қаралды.

Біріншіден, аудан әкімдерінің есебі тыңдалып, тиісті бағдар берілді. Басты мақсат – қала тұрғындарының өмір сүруіне қолайлы орта құрып, аумақтарды дамыту, халықтың әлеуметтік мәселелерін барынша шешуге бағытталған жұмыстарды күшейту.

Осы міндеттерді сапалы орындау үшін аудан әкімдерінің ұсынысымен әр ауданнан коммуналдық мекемелер ашылып, оларға қажетті ресурстар мен қаржы берілді.

Мұнан соң жылу маусымына дайындық жұмыстары пысықталды. Сессияда аудан әкімдерінің есебінен соң, жаңа оқу жылына дайындық барысы талқыланды. Биылғы жылы 1 сыныпқа 28 мыңнан астам оқушы қабылданды. Қаламызда урбанизация процесі қарқынды жүруіне байланысты оқушылар саны да жылдан-жылға артуда.

Білім беру ұйымдарындағы орын тапшылығын жою мақсатында биыл 48 мекеме жаңадан пайдалануға беріледі. Оның ішінде 15-і жалпы орта білім беретін мектептер. Нәтижесінде, үш ауысымда оқытатын 4 мектептің мәселесі толығымен шешіледі. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 2026 жылға дейін 18 мектептің құрылысын салу жоспарланып отыр.

Мұрат Дүйсенбекұлы аудан әкімдері мен басқарма басшыларының есебіне қатысты сын-ескертпелердің орындалуына басты назар аударуды тапсырды. Бұл бағыттағы мақсатты жұмыстарды одан әрі жалғастыратын болады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында 960 мыңға жуық адам екпе қабылдады

admin

Жатақханадағы рум-тур: Студенттерге қандай жағдай жасалған, баға қанша?

admin

ЖЕТІНШІ ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ТОҒЫЗЫНШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

admin