The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

ШЫМКЕНТ: Қоғамдық көліктердің саны артуда

Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов бүгін @akimat_shymkent парақшасынан тікелей эфирге шығып, тұрғындар сауалына жауап берді.
Әлеуметтік желілерде басқармаға қатысты қойылатын ең маңызды сұрақтардың бірі — қоғамдық көліктердің жаңарған бағыттары, яғни көп талқылау жүргендері — №17,21,34,171,171А. Эфир кезінде басқарма басшысы осы тақырыпқа кеңінен тоқталды.
№17 автобус бағыты — «Тұран ш.а – Автонұр базары» аралығында қызмет көрсетеді. «Shymkent Bus»ЖШС тиесілі маршрут қала бойынша жұмыс күндері 7 автобус болып қызмет көрсететін. Ал аралық жиілік интервалы жұмыс күндері 19-25мин құрайтын. Автобус Тұран ш/а тұрғындарын Байдібек би даңғылы арқылы «Гиперхаус» сауда үйіне, Байтұрсынов көшесі арқылы қала орталығына, Республика даңғылы арқылы Автонұр базарына тасымалдайды. Аталған маршрутқа келіп түсетін шағымдардың көпшілігі Тұран ш/а тұрғындарының тағы бір маршрут сұрауы, себебі автобус ішінде адам тығыздығы өте жоғары. Басқарма тарапынан тексеріс нәтижесі бойынша адам тығыздығы жұмысқа баратын және қайтатын уақытта жоғары болды. Нәтижесінде, алдағы уақытта Тұран ш/а құрылыс жұмыстары толық аяқталған соң басқарма тарапынан тағы бір №75 маршрут қарастыру көзделуде және қазіргі уақытта 17 маршруттағы автобус саны 12 болып, аралық жиілігі 5-7 минутты құрады. Бұл бағыт бойынша Тұран ш/а тұрғындарын қала орталығына жеткізу жоспарлануда.
№21 маршрут «Құрсай ш/а – Айқап ш/а» бойынша қызмет көрсетеді. «Shymkent Bus» ЖШС тиесілі маршрут қала бойынша жұмыс күндері 14, ал демалыс 10 автобус болып қызмет көрсететін. Ал аралық жиілігі жұмыс күндері — 12мин, демалыс күндері – 15мин құрайтын. Халықтың көпшілігі №21 маршрут бойынша шағымында адам ағыны жоғары болуын айтады. Бұл мәселе бойынша маршрутқа тағы да 2 автобус қосылып, аралық интервал 8-10мин құрап отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкенттік дәрігерлер жыл басынан бері тік ішектің атрезиясымен туған тоғыз шақалаққа сәтті ота жасаған

admin

Қазақстандықтар жұбайының рұқсатынсыз банктен несие ала алмайды

admin

ШЫМКЕНТТЕ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША АКТИВ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

admin