The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Шымкент: коммуналдық сала қызметкерлері сый-құрметке бөленді

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Түркістан, Байтұрсынов көшелерінің қиылысындағы “Спутник” гүлзарына арнайы барып,  коммуналдық сала қызметкерлерін халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтады. Күнделікті жүргізілетін тазалық шараларының халықтың қолайлы тіршілігіне айрықша әсер ететіне тоқталып, еңбеккерлерге алғысын білдірді.

Сіздер күнделікті жұмыстарыңызбен қаламыздың өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Демалыс, мереке күндеріне қарамастан, тазалықты қамтамасыз етіп, қаланың жасыл желекке орануында игілікті істер атқарып отырсыздар. Сіздерге шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Еңбектеріңізді жоғары бағалаймыз,  – деді Ғ.Сыздықбеков.

Тұрғындар өз кезегінде қала әкіміне озық үлгіде бой көтерген жаңа демалыс аймағы үшін алғысын білдірді. Айта кетейік, былтыр Әл-Фараби ауданының тұрғындарымен кездесуде жергілікті азаматтар саябақ салу мәселесін көтерген болатын. Өтініштер ескеріліп, жаңа гүлзар пайдалануға берілді. 

Ұқсас жаңалықтар

“Тұрмыстық тұтынушылар үшін емес”: Алматы электр энергиясының қымбаттауына қатысты түсініктеме берілді

admin

Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа сапары. 10 елдің басшысымен келіссөз жасалды

admin

Шымкентте Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы капитаны сотталды

admin