The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

ШЫМКЕНТ: Магистралды су құбырларының құрылысы кестеге сәйкес жүргізілуде

Шымкент қаласында магистралды су құбырларының құрылысы кестеге сәйкес жүргізілуде, — деп хабарлады Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаланың солтүстік бөлігіндегі суаққылардың құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

1-ші аймақ айналма жолынан бастап Асар шағын ауданына дейін магистралды су таратқыш салу жұмыстары «Сарыағаш-Аман» ЖШС тарапынан атқарылуда.

Құрылыс жұмыстары 2021 жылдың мамыр айында басталды. Құбырлардың жалпы ұзындығы – 13,754 шақырым. Бүгінгі таңда 1,5 шақырым құбыр жұмыстары аяқталды.

Мердігер мекеме құрылысты биыл қазан айында аяқтап, тапсыруды жоспарлауда.

Сондай-ақ, «Асар-2» шағын ауданынан бастап Алматы тас жолының қиылысына дейін магистралды су құбыры жүргізілуде.

Бас мердігер – «Build stroi» мекемесі. Құрылыс 2021 жылдың мамыр айында басталды. Нысанның жалпы ұзындығы – 11,706 шақырым. Бүгінге дейін 1,5 шақырым құрылыс жұмыстары орындалды.

Құрылыс басында жалпы 4 бригада жұмыс істеп жатыр. Құрылысты 2021 жылдың қазан айында аяқтау жоспарланып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Ұлытау облысында бір табын жылқы құтқарылды

admin

Қазақстан мен Әзербайжан әскери қызметшілері тәжірибе алмасты

admin

Три человека сгорели заживо, двое скончались в больнице при ДТП в Алматинской области

admin