The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

ШЫМКЕНТ: Нұрсәт шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің мәселесі назарға алынды

Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов Нұрсәт шағын ауданындағы №130 көпқабатты үйдің тұрғындарымен кездесті. Бұған дейін олар мәслихатқа базынасын айтып шағымданған болатын. Мәслихат хатшысы Бахадыр Мәдәліұлы тұрғындардың талап-тілегін бірден назарға алып, мәселенің мән-жайын зерделеді.

Шымкент қаласы Қаратау ауданы аумағындағы орналасқан 9 қабатты тұрғын үй  2012 жылы салынып, 2014 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы арқылы пайдалануға берілген.

Қазіргі таңда тұрғын үй толығымен қайта жөндеу жұмыстарын қажет етуде. Яғни жауын- шашын болған күні шатырдан аққан су үйдің ішіне құйылады. Сорғалап аққан су пәтерлерден өтіп жер төлеге дейін барады, — дейді ашынған тұрғындар.

Халықтың базынасын тыңдаған мәслихат хатшысы аталған мәселенің «Nur Otan» партиясы «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты Шымкент қаласы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында дайындалған «Жол картасы» аясында қаралатындығын айтты.

Мәслихат хатшысы тұрғындарға аталған мәселенің алдағы сессияның қарауына ұсынылып, тиісті жұмыстар атқарылатындығын жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

СІМ-де Қазақстан мен Дүниежүзілік банктің ынтымақтастық перспективалары талқыланды

admin

Түркістанда «Түркі әлемінің орталығы» нысанының тұжырымдамасын әзірлеу жөнінде мәжіліс ұйымдастырылды

admin

Шымкентте ЭКҰ жасатуға 429 квота бөлінген

admin