The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

ШЫМКЕНТ: Солтүстік саяжай шағын ауданы сапалы ауыз сумен қамтылады

Шымкент қаласындағы 17 мың тұрғыны бар Солтүстік саяжай шағын ауданы биыл сапалы ауыз суға қол жеткізеді, деп хабарлады Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Мұндағы тұрғындар тасымалды ауыз суды пайдаланып келеді.

Бүгінде халықты сапалы ауыз сумен қамту ең маңызды әлеуметтік мәселенің бірі болып отыр. Сондықтан тіршілік көзін қолжетімді ету үшін қалада кешенді жұмыстар атқарылуда. Қала тұрғындарының қолайлы және жайлы өмір сүруіне жағдай жасау мақсатында қала әкімі ауыз сумен қамту мәселесін жіті бақылауына алған.

Сапалы ауыз сумен қамту жұмысы мердігер мекеме «Бес қара» тарапынан 2020 жылы басталған. Жоба бойынша жалпы ұзындығы 151,9 шақырым су құбыры тартылады. Бүгінде 113 шақырым су құбыры орнатылған. Құрылыс жұмысы биыл аяқталып, 17 мың адам сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.

Айта кетейік, Шымкенттегі 81 елді-мекеннің 69-ы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген болса, 5 елдімекенге кестемен, 7 елдімекен тасымалды ауыз сумен қамтамасыз етілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан Арыста 240 отбасына баспана беріледі

admin

35 мың теңгеге дейін: Республика күні кім төлем алады?

admin

Жаңбыр жауса көлік батады: Алматыдағы Аманжол көшесіндегі мәселе қашан шешіледі

admin