The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Шымкент : «TABA INDUSTRIAL» ЖШС «Тассай» индустриялық аймағында орналасқан

Шымкент қаласында Елорда күні мерекесіне орай бүгін онлайн форматта тұсауы кесілген кәсіпкерлік нысандарының бірі — дөңгелектер, бақша арбалары және баспалдақтар өндіретін «TABA INDUSTRIAL» ЖШС.

Жобаға 498,8 млн теңге инвестиция тартылып, 65 жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етілген. Жоба жылына 150 000 дана дөңгелек, 300 000 дана бақша арбасы, 60 000 дана баспалдақ шығаратын болады. Өндіріс «Тассай» индустриялық аймағында 0,6 гектар аумақта орналасқан.

Бүгінде «Тассай» индустриялық аймақта жалпы құны 28,1 млрд теңге құрайтын 18 жоба іске асырылып, онда 800-ге жуық жұмыс орны ашылған. Аталған жобаларға «Бизнестің жол картасы-2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары аясында қолдау көрсетілген.

Жыл соңына дейін қосымша 70 жаңа жұмыс орнымен 2 инвестициялық жоба іске қосылатын болады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Ордабасы: Аудан басшысы Нұрбек Бақтыбайұлы Қажымұқан ауыл округіне қарасты Амангелді ауылындағы “Қайнар” емдеу сауықтыру шипажайының тыныс-тіршілігімен танысты.

admin

19 жастағы жігіт көпірден секіріп кетті

admin

Елдегі теміржол инфрақұрылымының тозуы. Жаңа вагондар мәселені шеше ме?

admin