The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Шымкент: тұрғындардың мәселелері шешімін тапты

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков бірқатар елдімекенді аралап, инфрақұрылым мәселелерінің шешімін қарастыру мақсатында тұрғындармен кездесті. 

Жүрмелі жиын барысында Нұртас, Тассай, Самал-3 шағынаудандарындағы Үшқара, Мыңарал, Сазтөбе, Алтынбастау көшелерінің азаматтары жолды асфальттау және жарықтандыру мәселелерін көтерді.

Сонымен қатар, Мыңарал көшесі тұрғындары қоғамдық көлік қозғалысын жақсартуға қатысты ұсыныстарын жеткізді. Ал Сазтөбе көшесінің халқы балалар ойын алаңшасы мен ардагерлер аялдайтын демалыс орнын салу бойынша сұраныс білдірді.

Ғабит Әбдімәжитұлы азаматтардың талап-тілектері жыл соңына дейін толық жүзеге асатынын айтып, тиісті басшыларға тапсырма берді.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: МАҚСАТЫНА САЙ ПАЙДАЛАНЫЛМАҒАН ЖЕР МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛЫП ЖАТЫР

admin

Түркістан облысында халықтың денсаулығын нығайтуға басымдық берілуде

admin

2026 жылға арналған бюджет: Ұлттық қорға қол салу азаяды

admin