The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

ШЫМКЕНТ: «Учаске» іс шарасы барысында шымкенттік полицейлер тұрғын үйлерді аралауда

ҚР Ішкі істер министрінің нұсқауына сәйкес, Шымкент қаласында «Учаске» жедел-профилактикалық іс шарасы өткізілуде.
Іс шараның мақсаты – көпқабатты үйлердің әрбір пәтерін, аулаларды, жеке үйлерді аралап, онда тұрып жатқан адамдар жайлы ақпарат білу және қару иелерін, ІІО-да есепте тұратын тұлғаларды тексеріп, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізу болып табылады.
Аталған іс шара барысында Еңбекші ауданы №43 УПП учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Байбуриев Бақытбай Үсенұлы тұрғын үйлерді, дүкендерді аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында учаскелік полиция инспекторлары өздеріне тиесілі аумақтардағы көпқабатты үйлердің пәтерлері мен жеке сектор үйлерін аралап, онда тұрып жатқан азаматтар туралы мәлімет жинайтын болады.
Іс шара ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін жалғасады.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

«95 пайызға дайын». Петропавлда үй салу жұмыстары қалай жүріп жатыр

admin

Алматы әкімі Түрксіб ауданында жиын өткізді

admin

Түркістан облысында алдағы жылыту маусымына қажетті көмір қоры жеткілікті

admin