The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Шымкент : Ынтымақ-2 шағын ауданындағы су құбырын тарту жұмыстарының 90 пайызы аяқталды

Абай ауданы аумағында орналасқан Ынтымақ-2 шағын ауданында ауыз су мәселесі өзекті болып келді. Осы кезге дейін тұрғындар ауыз суды сатып алып, тұтынды. Бұл мәселе биыл шешімін табатын болады.

Ынтымақ-2 шағын ауданын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылы мердігер мекеме «Компания Ахмет»ЖШС-гі тарапынан құрылыс жұмыстары басталған болатын. Ұзындығы 136,7 шақырымды құрайтын ауыз су құбырын тарту жұмыстарының бүгінде 90 %  аяқталған. Жоба құны – 1 119,6 млн теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстары 2021 жылдың қараша айында аяқталып, Ынтымақ-2 шағын ауданындағы 2689 абонент сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.

Сондай-ақ, Ынтымақ-2 шағын ауданындағы электр мәселесі де биыл шешіледі. Қазіргі уақытта мердігер мекеме «А. Мерей и К» тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстары 2021 жылдың соңына дейін аяқталып, тұрғындар сапалы электр қуатына қол жеткізеді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында туризмді түлететін жобалар жүзеге асады

admin

ТОП-10: Қазақстандық алғаш рет әлемнің үздік теннисшілері тізіміне енді

admin

Шымкент: Адырбеков көшесінің құрылысы 82 % орындалған

admin