The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Шымкент: жұқпалы аурулар дендеп тұр

Жаз маусымы басталғалы қаламызда жұқпалы аурулар дендеп тұр. Әсіресе жасөспірімдер арасында жедел ішек инфекциясын жұқтырушылар көбейген. Мамандардың айтуынша суға шомылудан соң минингит белгісімен шағымданатыну фактілері жиілеген. Аптап ыстықта көптеген азаматтар қала сыртында демалуды әдетке айналдырған. Оның үстіне қазір шомылу маусымы қызып тұр. Осы шақта кене шағып алу, минингит жұқтыру сынды аурулар да өршіп барады.

Сондай-ақ, қазір балалар арасында жедел ішек инфекциясымен шағымданушылар көбейген. Оған  үйде дайындалған тағамдарды талапқа сай сақтамау себеп. Әрі 14 жасқа дейінгі балалардың жеке гигиена ережелерін бұзуына байланысты. Бір жасқа толмаған балалар арасында да ішек ауруларына шалдығу көбейген. Эпидемиологтар бұл инфекцияның салдары адам ағзасына, әсіресе балалар үшін өте қауіпті екенін ескертеді. Сондықтан ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол іздеңіз.

П.Биназарқызы

 

Ұқсас жаңалықтар

Шымкент әкімі Тұран шағын ауданындағы инфрақұрылым жүйелерінің құрылысымен танысты

admin

Алдағы үш күнде ыстық ауа райының беті қайта ма

admin

Бектенов Алматы облысының өнеркәсіптік және көлік-логистикалық әлеуетімен танысты

admin