The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Шымкентке қытайдың Vero Cell Sinopharm вакцинасының 40 мың дозасы жеткізілді

Шымкент қаласына қытайдың Vero Cell Sinopharm вакцинасының 40 мың дозасы жеткізілді. Бұл жайында қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позилов мәлім етті.

«Sinopharm компаниясының Vero Cell вакцинасы енді шымкенттіктерге қолжетімді! Қалаға жеткізілген 40 мың доза екпе емханаларға үлестіріліп берілді. Vero Cell вакцинасы әлемнің 45 елінде, соның ішінде Қытай, Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия, Сербия, Беларусь, Бахрейн және басқа елдерде сәтті қолданылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Vero Cell вакцинасын осы жылдың 7 мамырынан бастап пайдалануға мақұлдады»,-деп хабарлады басқарма басшысы.

Қаланың бас дәрігері бұл вакцинаның ерекшелігін де атап өтті. Оның айтуынша, вакцинаны сақтауда қатаң талаптардың болмауы ресурстардың жетіспеушілігі жағдайында өте ыңғайлы екен. Бұл әлемдегі ампуласы арнайы монитормен қамтамасыз етілген алғашқы вакцина, аталған монитор жапсырма вакцинаны жылы ортаға салған кезде түсін өзгертеді, бұл медицина қызметкерлеріне оны пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Енді қала тұрғындары бес түрлі вакцинаның бірін таңдай алады. Олар: Қарағанды қаласында шығарылатын ресейлік «Спутник V», қазақстандық QazVac, БАӘ елінде дайындалған Sinopharm компаниясының HayatVax екпесі, Қытайдың Sinovac Biotech компаниясы жасап шығарған Coronavac және Sinopharm компаниясының Vero Cell вакцинасы.

Құрметті қала тұрғындары, вакцинация коронавирусқа қарсы қорғаныстың жалғыз әрі тиімді әдісі. Солай ғана біз қалыпты өмірімізге орала аламыз.

Ұқсас жаңалықтар

Астана қаласы әкімі Медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

admin

Енді сабақ жоспарын ЖИ жазады: Қазақстандық педагогтерге «ақылды ассистент» көмектеседі

admin

Кентау қаласында бір мезетте 2500-ге жуық адам қатысқан Республикалық «AL-FARABI» интеллектуалды ойыны өтті 

admin