The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Шымкентте 10 әлеуметтік дүкен ашу жоспарлануда

Азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз өсірмеу жөнінде, бірқатар ірі сауда желілері, азық-түлік базарлары және жергілікті тауар өндірушілерімен екі жақты ортақ 25 меморандумға қол қойылды.

ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың «алқаптан – сөреге дейін» жобасын жүзеге асыру мақсатында, сәуір айында 11 шағын ауданы, Елшібек батыр көшесі №116 мекен-жайында қаламызда бірінші әлеуметтік дүкен ашылып, күнделікті тұтынатын азық-түлік тауарлары төмен бағада сатылуда.

Сонымен қатар, өңірлік тұрақтандыру қорының айналым механизмі бағыты бойынша, мал бордақылаумен айналысатын «Қасқасу-С» шаруа қожалығына айналымға 200 млн.теңге қарыз қаражат беріліп, келісім-шарт түзілген болатын.

Келісім-шарт негізінде, ет өнімдерінің бағасын тұрақтандыру шаралары аясында, ағымдағы жылдың 2 шілдесінде 18 шағын ауданы, Т.Рысқұлов көшесінде орналасқан қаладағы екінші «QazEt» әлеуметтік дүкені ашылып, қала тұрғындары сапалы әрі белгіленген бағада ет және көкөніс өнімдерімен қамтамасыз етілуде және де аталған шаруа қожалығымен қосымша 3 әлеуметтік дүкен іске қосылатын болады.

Бұдан бөлек, ағымдағы жылдың соңына дейін әлеуметтік дүкендер санын 10-ға дейін жеткізу жоспарлануда.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте алаяқтықпен алған ақшасын құмар ойынға тіккен әйел сотталды

admin

Жолдауда білім, ЖИ және туризм салаларына басымдық берілуі мүмкін – сарапшы

admin

ШЫМКЕНТ: 2000-ға жуық азамат несиелік баспанаға қол жеткізеді

admin