The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалықДенсаулық

Шымкентте иммунтапшылығы вирусынан қорғайтын препарат сынақтан өтті

Бойында вирусы бар жанның жұбы бір ғана таблетканы тұрақты ішіп отырса, ауру жұқтырмайды, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап. 

Дәрігерлер антивирустық препаратты алғаш рет 2021 жылы тәжірибе ретінде қолданып көрген. Содан бері вирусты жаңадан жұқтыру дерегі тыйылды. Жалпы Шымкентте иммун тапшылығы вирусымен 2 мыңға жуық адам есепте тұр. Биыл оның бес жүзден астамына мемлекет бюджеті есебінен дәрі сатып алынды. 

Алайда дәрігерлерді науқастардың өз бетінше тексеруден өтіп, алдын – алу шараларына немқұрайлы қарайтыны алаңдатып отыр. 

Бірінші дәрігер бағалау жүргізеді. Одан кейін ол кісіге медициналық карта ашылып, алдын-ала АИТВ, вирустық гепатиттерге, қанның биохимиялық талдауына зертханалық талдау жүргізіледі. Соның нәтижесі бойынша препараттар беріледі. Бұл препарат таблетка түрінде, күніне бір рет қолдануға арналған, — деді  қалалық ЖИТС орталығы бас дәрігерінің орынбасары Қожахмет Маширов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда жолдар жаппай жабылды: Қолайсыз ауа райы қозғалысты тежеді

admin

Шымкентте 5G технологиясымен 60 базалық станция орнатылды

admin

Бектенов елдегі су тасқынына қатысты тәулік сайын есеп беруді тапсырды

admin