The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Шымкентте салық мөлшерлемесі 4%-дан 2%-ға дейін төмендеді

Кәсіпкерлерді қолдау шаралары Мемлекет басшысының үнемі назарында. Президент Жолдауында салық төлеушілердің міндеттемеден жалтаруына тосқауыл қою үшін шарттарды жеңілдетуді тапсырды.

Осыған байланысты қала әкімі Ғабит Сыздықбеков бөлшек салықтың арнайы салық режимінің мөлшерлемесін 4%-дан 2%-ға дейін төмендету туралы шешім қабылдады. Салық мөлшерлемесін 50% -ға дейін төмендету кәсіпкерлікті көлеңкелі экономикадан шығаруға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, мемлекет бизнеске барынша қолдау көрсетуде. Қалада шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны қарқынды өсуде. Соңғы 5 жылда қалада белсенді жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілерінің саны орта есеппен 20%-ға өсіп, бүгінде 130 мыңға жетті. Нәтижесінде шағын орта бизнес үлесі жалпы өңірлік өнімде 40% -дан 50% -ға дейін ұлғайды.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Пара дзюдошылар жүлделі орындарды иеленді

admin

Жамбыл облысындағы жалпақсаз ауылы жаттығу залына зәру

admin

Қай сала мамандарының жалақысы өсті

admin