The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Шымкентте тағы 31 отбасының баспаналы жағдайы жақсарды 

 Шымкент қаласында мемлекеттік тұрғын үй саясаты аясында салынған пәтерлердің кілтін табыстау рәсімі өтті. Іс-шараға қала әкімі қатысып, қоныс тойын тойлаған тұрғындарды құттықтады, халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмыстың маңызын атап өтті.
🔷 Жаңа баспанаға 31 отбасы ие болды. Олардың қатарында көп балалы және толық емес отбасылар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған жанұялар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, сондай-ақ, бюджет саласының қызметкерлері бар. Пәтерлер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жеңілдетілген несиелеу шарттарымен берілді.
🔷 Көп қабатты үйлер Бозарық шағынауданында орналасқан және барлық құрылыс нормасы мен сапа талаптарына сай пайдалануға беріліп отыр. Пәтер бөлу «Отбасы банк» АҚ-ның «2-10-20» және «5-10-20» бағдарламалары аясында, төлем қабілеттілігін растаған азаматтар арасында жүзеге асырылды.
🔷 Айта кету керек, мұндай жобаларды іске асыру Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде жүргізіліп, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және қолайлы қалалық ортаны қалыптастыруға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Өңірлерден басталған «Бірлік керуені» елордаға жетті

admin

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұралхан Оралбайұлы Көшеров Түркістан облысының әкімі лауазымына тағайындалды

admin

ТҮРКІСТАН: су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары бойынша 2500-ден астам рейд жұмыстары жүргізілген

admin