The Dala Times ақпараттық сайты
Ақпарат

Шымкентте «Таза қала» акциясы басталды

Үшінші мегаполисте «Өз елімде із қалдырмай SAYAHATTIME» акциясы негізінде «Таза қала» акциясы басталды. Қайырымдылық істер марафоны шеңберіндегі шараны «Нұр Отан» партиясының Шымкент қаласы бойынша филиалы, Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы, Шымкент қаласының Азаматтық Альянсы, «Жасыл ел» еңбек жасақтары, Шымкент қаласының іскер әйелдер қауымдастығы ұйымдастыруда.

— ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қалалардың ажарланып, келбеттене түсуіне жағдай жасау әрбір тұрғынның міндеті болуға тиіс» деген болатын. Олай болса Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында қолға алынған «Таза қала» акциясының қолдау табатынына сенімдіміз. Қалалықтарды жанашырлық танытып, шараға белсене атсалысуға шақырамын, — деді «Нұр Отан» партиясы ШҚФ төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева.

Акция аясында «Жасыл ел» еңбек жасақтары мен ұйымдастырушылар Жангелдин көшесі бойындағы Қошқар ата өзенінің жағалау бөлігін қоқыстан, сынған ағаш бұтақтарынан тазартты. Су арнасының бітелген көздерін ашты.

Тазалық шарасына Әл-Фараби ауданының әкімі Р.Мыңбаев және мектеп оқушылары, білім беру ұйымдарының студенттері мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері де белсене қатысты.

Мұнан бөлек, аудан аумағының тазалығына жауапты мердігер мекемелердің жұмысшылары мен 13 арнайы техника жұмылдырылды.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР КҮРДЕЛІ ОТАЛАР ЖАСАП ЖАТЫР

admin

Әлия Мейірова — 16 жылдық тәжірибесі бар білікті маман

admin

Шағын несие алған кәсіпкер жұп өнер мектебін ашты

admin