The Dala Times ақпараттық сайты
АқпаратБасты жаңалық

Шымкентте жалаңаш ер кісі көшенің қақ ортасында шомылған

Шымкентте орта жастағы ер адамның әрекеті жұрттың таңданысын тудырды. Куәгерлер оны видеоға түсіріп алған. Бейнежазба әлеуметтік желілерде пайда болды.

Аптап ыстықтан шаршаса керек, ер кісі Төле би көшесінің бойында жолдың дәл ортасында орналасқан гүл суғаратын су шашқыш суына  жалаңаш шомылып жүрген. Көп ұзамай полицейлер ыстық күнде салқындаудың ерекше жолын тапқан ер адамның жеке басын анықтады. Ол қазір тұрақты тұрғылықты жері жоқ, 50 жастағы азамат болып шықты.

Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі хаттама толтырылды.

Полиция қызметкерлері жинақталған іс-құжаттарды әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі ауданаралық сотқа жібереді.

Ұқсас жаңалықтар

Тобыл өзенінде мұз жару жұмыстары жүргізілді

admin

Туристер қауіпсіздігі – мемлекеттік маңызды міндет

admin

Бейжіңде қытайлықтарға домбыра тартуды үйрететін мәдени орталық ашылды

admin